21
февраль
2024
«Ұл тәрбиесі - ұядан» атты дөңгелек үстел өткізілді .
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша ақпан айының 21 күні 8-10 сыныптар арасында «Ұл тәрбиесі - ұядан» атты дөңгелек үстел өткізілді . Мақсаты: ержігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істерге бағыт-бағдар беру.
Шара барысында оқушыларға ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналатынын. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді айта отырып, мектебімізде ұлдар отырысы жиі өткізіледі.Ұлдарымыз өз өнерлерін ортаға салып, ойларымен бөлісіп, дөңгелек үстелге белсене қатысты.