22
ноябрь
2023
«Инклюзивті білім беру жағдайындағы әлеуметтік –педагогикалық іс-әрекеттердің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
2023 жылдың 22 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде «Инклюзивті білім беру жағдайындағы әлеуметтік –педагогикалық іс-әрекеттердің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті. Аталған іс шараға 275 педагог қатысты. Семинар бағдарламасына сай директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Толкимбекова «Инклюзивті білім беру негіздері» тақырыбында баяндама жасады. Мектептің педагог психологы Б.Жақсыпейілова ««Инклюзивті білім беру жағдайындағы әлеуметтік –педагогикалық іс-әрекеттердің ерекшеліктері» тақырыбында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың ата аналарымен тренингтер жүргізді. «Баланың басты ұстазы-ата- ана» тақырыбында әлеуметтік педагог Қ.Оспанова ата аналармен коучинг өткізді. Семинар барысында инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру жолдары, ата аналарға арналған сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Сұхбат екі негізгі аспектіні қамтыды: ата аналарға ЕББҚ ететін балаларды тәрбиелеуде белсенді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін түзету дамытушылық оқытудың мазмұны мен қызметі. Педагогтер өз қызметінің ерекшеліктері мен ЕББҚ ететін балалармен жұмыс істеу тәсілдерімен бөлісу. ЕББҚ ететін білім алушылардың ата аналарына қолдау көрсетілді.
