23
ноябрь
2022
" Мұғалімдердің пәндік құзіреттілігін арттыру" аудандық семиинар - практикум
Сарысу ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 23 қараша күні Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде "Мұғалімдердің пәндік құзіреттілігін дамыту" тақырыбында биология, химия пәндерінің аудандық семинар -практикумы өткізілді. Семинарға аудан мектептерінен 45 педагог қатысты. Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары А.Толкимбекова семинар бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламаға сай семинардың ашылуы өткізілді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Т.Кенжалиев бүгінгі семинар тақырыбының өзектілігіне тоқтала келіп, педагогтерге сәттілік тіледі. Мектеп психологы А.Бегаулова қатысушылар бір- бірімен танысу, белсенді қарым қатынас орнату мақсатында тренинг жүргізді. Оқушыларымыз әннен шашу шашып көтеріңкі көңіл сыйлады. Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінен биология пәнінің мұғалімдері Егізбаева Сағди, Ташкеев Акан, Асылханова Қаламқас, химия пәнінің мұғалімі Ертуғанова Гүлшат озық тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша кері байланыс жүргізілді. Қатысушылар өте жоғары бағалап, өз қоржындарына көп пайдалы тәжірибелер жинақтағанын айта келіп әсерлерімен бөлісті.








