08
февраль
2023
"Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланудың жолдары" тақырыбында әдістемелік күн өтілді.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің оқу- ісі жөніндегі орынбасары А.Толкимбекованың ұйымдастыруымен серіктес мектептерге арналған әдістемелік күн өткізілді. Тақырыбы: "Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланудың жолдары". Әдістемелік күн бағдарламасына сай 09.00 де ашылуы өткізілді. Мектеп директоры Л.И.Нурмаханова бірлескен жұмыстардың өзектілігі мен маңыздылығын айта келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өткізілді. Серіктес мектептер Ы.Сүлейменов пен Ж.Отарбаев атындағы орта мектептерінің ұстаздарымен пікір алмасып, кері байланыстар жүргізілді. Қатысушылар өздерінің әдістемелік қоржынына алған дүниелер көп екенін айта келіп, жақсы пірірлер айтып, алғыс білдірді.
