16
декабрь
2022
«Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді
Балалар жылына орай Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Жеңіс туы желбіресін мәңгілік» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 31 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз. Салтанатты жиынымыз Мемлекеттік Гимнмен ашылып, оқушыларға Тәуелсіздік туралы қысқаша мәліметтер берілді. Сонымен қатар, жиында мектебіміздің дарынды оқушылары «Туған Жер», «Алға , Қазақстан» әндерін орындап, билер биледі.
