14
апрель
2022
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Балалар жылына» орай спорт нұсқаушы Рахметоллаұлы Бөрібектің ұйымдастыруымен «Ұлттық мектеп лигасы өткізілді.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Балалар жылына» орай спорт нұсқаушы Рахметоллаұлы Бөрібектің ұйымдастыруымен «Ұлттық мектеп лигасы өткізілді. Ұлттық спорт жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталмыш спорттық бәсекенің мақсаты мектеп оқушылары арасында волейбол, баскетбол, қол добы кіші футболдан үздік командаларды іріктеуге арналған. Ең бастысы жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға арналған бұл күнгі жарыс волейбол ойынымен басталды. Аталмыш сынға 8-11 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты. Ұлттық мектеп лигасы» жарысының І кезеңі нәтижесіне сәйкес, мектепшілік жарыстардан жеңіп шыққан командалар аудандық ІІ кезеңге жолдамалар алады. Жарыстың екінші кезеңі қорытындысында футзалдан қыздар арасында өткізілген іріктеуге 2 команда қатысып, жүлделі бірінші орынды 10 сынып қыздары иеленсе, ұлдар арасында 9 сынып оқушылары алды.
Баскетболдан өткен бәсекеге ұлдар мен қыздардан үш командадан қатысқан болатын. Ұлдар арасында бірінші орыннан 11 сынып оқушылары , ІІ орынды 9 сынып оқушылары, ІІІ орынды 10 сынып оқушылары иеленді.
Волейболдан қатысқан төр команда өз өнерлерін көрсетіп, І орынды 11 сынып оқушылары, ІІ орынды 10 сынып оқушылары, ІІІ орынды 9 сынып оқушылары иеленді.
