10
февраль
2022
"Әр өлеңі- бір әлем" тақырыбында мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
9-ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектеп әдіскері А.Толкимбекова мен бастауыш сынып мұғалімдері Р.Турсимбекова, З.Тулегенова, А.Нурмаханованың ұйымдастыруымен "Әр өлеңі- бір әлем" тақырыбында мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Оқушылар мұзбалақ ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа айтты. Байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.


