Сембеков Абай Жәлиұлы
Мен, Сембеков Абай Жәлиұлы, 1963 жылы 16 қазанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ұйым елді мекенінде дүниеге келдім.
Мектеп есігін 1971 жылы Ұйым сегізжылдық мектебінде ашып, 1979 жылы аталған мектептің 8 сыныбын бітірген соң, ары қарай Байқадам орта мектебіне ауысып, аталмыш мектепті 1981 жылы бітірдім.
1981 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтының инженер-құрылыс факультетіне түсіп, 1986 жылы аталмыш институтты бітіріп, инженер-құрылысшы мамандығын алып шықтым.
Алғашқы еңбек жолымды 1986 жылы «Оңтүстік қала-село жобасы» жобалау институтының Жамбыл қаласындағы филиалында инженер-жобалаушы болып бастадым.
1986-1989 жылдары «Жамбыл ГРЭС» құрылыс басқармасында 4-ші санаттағы бетоншы болып істедім.
1989-1992 жылдары «Жамбылазаматтықжоба» жобалау институтында 2-ші санатты инженер-жобалаушы болып қызмет атқардым.
1992-2001 жылдары Тараз қалалық сәулет және құрылыс комитетінде инженер, жобаның бас инженері қызметтерін атқардым.
2001-2002 жылдары Алматы қаласындағы «Baikonur Engineering» ЖШС-де құрылыс бойынша менеджері болып қызмет істедім.
2002-2004 жылдары Қостанай қаласындағы «Норд-Холдинг» ЖШС-де жобаның бас инженері ретінде қызмет атқардым.
2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің 2031 әскери бөлімінде пәтер пайдалану қызметінің бастығы лауазымында болдым.
2005-2010 жылдары «АДТ-строй» ЖШС-нің директоры.
2010-2013 жылдары «НЕТА проект» ЖШС-нің директоры.
2013 жылы «Қазатомөнеркәсібі» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамына қарасты «Жоғарғы технологиялар институты» ЖШС-де жобаның бас инженері лауазымына жұмысқа қабылданып, 2014 жылдан қазірге дейін «Жобалау конструкторлық жұмыстар» орталығының басқарушы директоры лауазымында жұмыс істеп жатырмын.
Шекара қызметі үздігі белгісімен, атомөнеркәсібі саласына еңбегі сіңген қызметкер белгісімен және Қазақстан Республикасының көптеген мақтау қағаздарымен марапатталдым.
Үйленгем. Жолдасым – Сматова Рабиға Сейділдақызы 1963 жылы туған. Алматы қаласындағы №174 мектебінде ағылшын тілі мұғалімі. Бір ұл және бір қызымыз бар.
Мекен жайым; Алматы қаласы, Абай мөлтек ауданы,164 үй.
--