Каримбекова Аксауле Еркиновна

Каримбекова Аксауле Еркиновна 1983 жылы 24 қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген. 1990 жылдың 1 қыркүйегінде Жаңатас қаласындағы Карл Маркс атындағы орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, аталған мектепте 8 сыныпқа дейін білім алды.
1997 жылы Сарысу ауданы Байқадам ауылындағы Байқадам орта мектебінің 8 сыныбына қабылданып, 2000 жылы осы мектепте 11 сыныпты үздік аяқтап, «Алтын белгі» иегері атанды.
2001 жылы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетінің күндізгі оқу бөліміне ақысыз оқуға түсіп, 2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Әлем тілдері» факультетінің «Жалпы және орыс филология» кафедрасын «Филолог - оқытушы» мамандығы бойынша тәмамдады.
2006 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2019 жылдың тамыз айына дейін Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
Бүгінгі таңда Тараз қаласындағы № 3 мектеп-лицейде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқаруда.