Бос лауазымға конкурс жарияланады. » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бос лауазымға конкурс жарияланады.
03
январь
2024

Бос лауазымға конкурс жарияланады.

  •                                                         Хабарландыру! 
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 3 тарауы (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі ) 1 параграфы (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі) негізінде конкурс жариялайды. Бос орында тұрған лауазымдық жұмыстар: 1. Интернат меңгерушісі ( мектеп жанындағы интернатқа)- 1 бірлік- тұрақты; Конкурс төмендегі мекен -жай бойынша өтіледі: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы Алтынсарин көшесі № 24 A Электронды мекен- жай: sh.baikadam@mail.kz Байланыс номері: 8(72634) 2-12-58 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 31.03.2022 жылғы № 121 бұйрығы негізінде педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары Лауазымдық міндеттері: Интернаттың жұмыстарына басшылық жасайды, тәрбиеленушілердің және басқа да қызметкерлердің жұмысын бірыңғай оқу тәрбие процесі шегінде бақылауды жүзеге асырады, оқу әдістемелік құжаттар жасау жұмысын үйлестіреді. Сапалы білім мен тәрбие беру ісін бақылауға алады; Интернатта тұратын балаларға медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігін, санитарлық және өртке қарсы ереженің сақталуын бақылайды, қажетті үй-тұрмыстық жағдайымен қамтамасыз етеді, балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастырады; Интернат, мектеп және ата-аналармен байланыста жұмыс жасауға бағыттайды; Интернат қызметі туралы қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын, педагогикалық және психологияның және басқа да қосымша білім берудің перспективаларын және бағыттарын анықтау, нормативтік құқықтық актілерді, экономика жетістіктерін, қаржы – шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманың негіздерін, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғауды, санитарлық ережелер мен нормаларды. Құжаттарды қабылдау мерзімі : Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Қажетті құжаттар тізбесі: 1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификация үшін); 3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы 4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері; 5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8. наркологиялық ұйымнан анықтама; 9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив