15
август
2023
БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі Саудакент ауылы Алтынсарин көшесі № 24\a, электронды поштасы sh.baikadam@mail.kz , ПСИХОЛОГ ЛАУАЗЫМЫНА - 1 БІРЛІК ЖҮКТЕМЕ, УАҚЫТША ЖҰМЫС ОРНЫНА ЖӘНЕ мектеп жанындағы интернатқа ПСИХОЛОГ ЛАУАЗЫМЫНА - 1 БІР БІРЛІК ЖҮКТЕМЕ, ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫНА конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысатын адам хабарландыруда көрсетілген электронды поштаға төмендегі құжаттарды электронды түрде немесе қағаз түрінде жолдайды.
1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжат;
3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы; 4. Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6. " Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " ҚР денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175\2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7. психоневрологиялық ұйымынан анықтама.
8. наркологиялық ұйымнан анықтама.
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог- модератордың, педагог- сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғарғы оқу орыны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін " Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
10 . Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми\ академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар , біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21ақпандағы № 57 бұйрығының (19. 11. 2021 № 568 өзгерістерімен ) талаптарына сәйкес жүргізіледі.