12
февраль
2019
Байқадам Қашқынбаев кім еді?
1967 жыл. Талас ауданынан бөлініп, өз алдына Сарысу ауданы болып қайта құрылды. Осы жылдың екінші жартысында бұрынғы «Социалистік шаруа» газеті «Октябрь таңы» болып қайта шыға бастады. Газеттің редакторы болып істеп жатқан кезім. Біз бұрын аудан орталығына Байқадам есімінің қашан, қалай берілгенін, оның кім екенін бұрыннан осы жерде тұратын жергілікті кісілерден, еміс-еміс еститінбіз. Бірақ Байқадам туралы мардымды ешнәрсе жаза алмай жүрдік. Байқадамның қолынан комсомол билетін алған, оның жау қолынан мерт болғанын көрген бүгінде құрметті демалыстағы Саудакенттің туа бітті тұрғыны Шарапа Құрманқожаевтан да жарытып ешнәрсе ала алмадық. Шәкең сол кезде тіптен жас болса керек. Байқадам оның үйінде жатса да, оның өмірінен, қызметінен көкейінде ешнәрсе сақтай алмапты.
Бірақ біз қарап отырмадық. Бүкіл коллективіміз болып ізденіс үстінде болдық. Байқадамды көрген, Аңқай оқиғасын білетін көнекөз адамдардан сұрастырып, солардың айтуымен СССР-дің 50 жылдығы қарсаңында газетімізге бірнеше материалдар бердік. Бұл жөнінде редактордың орынбасары Дулат Шалқарбаев біраз еңбек етті. Бірақ Байқадамның өмірін, оның Саудакенттегі революциялық қызметтерін әлі толық білмейтін едік.
Жетпісінші жылдардың басында, өңін күн қаққан, қағылез, қартаңдау кісі келіп, жұмыс бөлмеме енгенде кабинетте отырған екеуміз орнымыздан қатар түрегелдік. Жағалай қол алысып, амандасып болған соң екеумізге кезек-кезек барлай қарап:
- Қарақтарым, Саудакент сарбаздарының бірі едім, ат жалында күн кешіп, тар жол тайғақ кешудегі кезеңдерді бастан өткізген аға ұрпақ өкілдерінің бірімін. Менің үзеңгілес серіктерімнің бірі - 22 жасында ерлікпен дүниеден өткен Байқадам Қашқынбаев туралы айтылып, жазылып жүр. Көршілеріңіз - Алғабас ауданының газетінде де, сіздер де жазып жатырсыздар. Бірақ елім деп етігімен су кешіп, ата жаумен алысқан ер өмірі жайлы әлі толық жазылған жоқ. Саудакентте Байқадаммен бірге жүріп, бірге істегендердің ішінде жалғыз мен қалдым. Сол аты аңызға айналған Байқадамды ақиқатқа шығармақ ниетім бар...
- Біздің көптен күткен, Байқадамды білетін көнекөз адамымыз сіз екенсіз. Қуана қарсы аламыз, айта беріңіз,-дедік.
1931 жыл. Бұрқ-сарқ қайнап, сарқырамалы ағысты өзендей өтіп жатқан бір өмір. Тозығы жетіп, көнеуі кеткен ескінің орнына іргелі өмір орнай бастаған. Жөңкіле көшіп, жөнді-жөнсіз жол тартатын ел тұрақты мекенін таптқан. Октябрьдің тарихи күндерінен соң Саудакент, Жайылма, Қарақоға елін біріктірген Қаракөл болысы, Құмкент, Баба-ата, Жылыбұлақ елін біріктірген Жылыбұлақ болысы, Шаян өзенімен Бөген өзенінің жағаларын жайлаған қалың ел Шаян болысы атанған-ды. Осы үш болыс ел бірігіп, 1938 жылы Шаян ауданын құрды. Кейіннен Шаян ауданы таратылып, Арыс, Түркістен аудандарына қаратылып, Саудакент қыстағы мен Шаян өзені бойындағы бірқатар ел Талас ауданына қаратылды.
1932 жылдың жазы. Талас аудандық партия комитетінің Саудакент учаскесінде тұрақты нұсқаушысы қызметіне ауысқан кезім. Жергілікті партия ұясының хатшысы Аржан Тілеубеков, ауылдық кеңес төрағасы Жұмаәділ Ахатов, аудандық атқару комитетінің жерге орналастыру бөлімінің қызметкері, Саудакенттегі тұрақты нұсқаушысы Байқадам Қашқынбаевтармен таныстығым бертінде басталса да, солармен бірге ұлы дүрмекке ілесіп кете бардым. Артельге кірешілерді жерге орналастыру, тұрғын жай салу, егістікті өңдеу, малдың қыстық азығын дайындау, жекеменшік иелігіндегі малдарды қоғамдастыру, тағы да басқа көптеген жұмыстар күнделікті тіршілігімізге айналды. Осы қыруар, әралуан жұмыстардың басы-қасында әрқашанда Байқадам жүреді. Менің атқарар тіршілігім өз алдына ұшан-теңіз. Комсомол ұйымдарын құру, партия мүшелігіне лайықты адамдарды өз жағымызға тарту, орташаларға жағдайлар тудыру. Осындай тынымсыз ауыр жұмыстардан шаршап-шалдықққандай болсақ, қасымыздан Байқадам табылатын.
- Заманының тарлығына көкірек көзінің барлығы керек, ер жігітке жасу жараспайды,-дейтін де,- пәленшеден артельге қабылдау туралы арыз түсті, қане соны қарап жібереміз бе?-деп іле іске кірісетін.
Сол жылдары өмірде талай өзгерістер болып жатты. Ескінің ілігіп, не көшершілікте, не отырықшылықта жоқ шөре-шөремен келе жатқан қазақ ауылдарын жаппай коллективтендіру аяқталып қалған кез. Тек осы жаздың өзінде Саудакент қыстағында 200-ден астам тұрғын жай салыныпты. Сол қалың елдің осындай дүбірлі қозғалысына қарсы кесе-келденең тұрғандар да болды. Соның бірі Жанақ Атшабаров, Байқадаммен бірге көше аралап келе жатқан бетте қарсы алдымыздан кездесті. Көптен тосқан сыңайы бар. Азулы Атшабаров сөзді бірден ұрыстан бастады.
- Уәй, комсомол, жақындағыны жалмап, алыстағыны арбай аларыңды алып тындың. Мына қартайған қалың ел сенің елің, сенің көшің. Заманыңда алты болыс елге әмірі жүрген арғын биден бір де бұлай болмас едік. Күнім болса мынау, алдымыздан мал кетті, мал кеткен соң жәй кетті, қайырылмай қатын, айырыла жақын кетті. Уә, көріңе кірсең де, өкірме де, өкінбе де дейтін маған берер кемдігің бар ма? Жоқ, әлде көшелер жорғалы болса да, жотамды танытқан теңдігің бар ма?-деді Жанақ.
- Байлығың асқанда қорғалып еді, барлығың қашқанда күн-түн жортқан ерлер күресі біткен жоқ. Жоталыңды солардан сұра, еркіндіктің тізгінін өзгеге бермей, өзі алған, азаттықпен аңсап, көрісіп, бостандықтың қызыл туын көтеріп, шаңырақ тіккен мынау қалың елден сұра,-деді Байқадам қара торы өңін тер жуып, толықша денесін тіп-тік ұстаған күйде.
Сол күні кештете №12 ауылға аттанып кеттім. Жиын бар. Комсомол ұйымын құру керек. Бұл жұмысты аудандық партия комитеті маған тапсырған-ды. Қызу өткен жиналыс таң ата аяқталды. Бір топ жастар Лениншіл Жастар Одағына мүшелікке қабылданды. Жиынға ауыл кеңес төрағасы Көшек Тоққұлиев, партия ұясының хатшысы Жаманбай Күнтубаевтар қатысты. Жиыннан соң аздап тынығып, Байқадаммен келісім бойынша сәске кезінде атқа қонып Саудакентке жүріп кеттім.
Келе жатып қат-қабат ойдың құшағында аңғармаппын, алда көрінген жоталы бұрылысынан жалғыз атты құйғыта шауып келеді екен. Енді бірде гүрс етіп атылған мылтықтың дауысы естілді. Оңы мен солына кезек ауытқып, ат жалына жабысып, жатып алған қашқын жақындап та қалған еді. Ол артына бір жалт етіп қарады да:-Кері бұр атыңнын басын,-деп айқай салды.
Енді маған бәрі түсінікті бола кетті. Осыдан екі жыл бұрынғы Созақтан шыққан Алау бүлігінен бас сауғалап қашқан-пұшқан бірен-сараң байлардың сілімтіктері әзірлеген қаскүнемдік бары сезілгенді. Бірақ неге екені белгісіз, соны анықтауға, тексеру жүргізуге бастан асып жатқан жұмыстар мойын бұрғызбап еді. Енді міне айдалада кезіккен аудандық атқару комитетіндегі нұсқаушы бала екеуміз оңтүстікке қарай шауып бара жатырмыз. Көп қуып болдырған қуғыншылар жете алмасын білген соң, қайта бұрылып Саудакентке бет түзеді.
Біраз жер шапқан соң ат басын күшпен тедей жеңіл бүлкілге ауысып едік, сонда байқадым нұсқаушы баланың оң иығынан қан тамшылап тұр екен. Оған қарайтын заман бар ма?
- Кәне, не күйге душар болдыңдар,-дедім мен.
-Жауыздар, аңқайшылар Байқадам Қашқынбаевты өлтіріп кетті,- деп бала ауыздығынан ақ көбік аққан ат жалын құшып, еңіреп жылап жіберді.
-Байқадам ағай өлерінде сәлем айтты: «Коммунистер бастаған жалшы-кедейлер бәрібір мына жауыздықты кешпейді. Менің кегім кетпес, сендердің күндерің қысқа, келер ертең жолдастар, атар алдан алтын таң. Ал мен сол таңға жете алмай барамын. Бәрібір менің мына жолым коммунистік идея мәңгі жасай бермек-деді де жүріп кетті.
Мен өзімнен небәрі екі жас үлкен жалынды жастан осылай айырылған едім. Аңқайшылар жазасын тартты. Талас ауданынан шыққан Нағима, Мектеп, Саудакенттің өзінен Күмісбек дегендер ұйымдастырған бай-шонжарлардың бұл бүлігі көп ұзамай-ақ талқандалды.
Оңтүстік шығыс жақтан келген Талас аудандық милиция бөлімінің бастығы, Байқадамның туған ағасы Балқыбек, милиция бастығының орынбасары Қабидолла Қасымовтардың басқаруындағы оперативтік топ, түстік жатқан Шымкенттен келген Жасұзақ Ноғайбаевтың басқаруындағы әскери отряд, жан-жақтан ағылған аттылы-жаяулы кедей білік жасаушыларды оңтүстікке қарай жөңкіте қуды. Бандиттердің алдыңғы шегі сөгіліп, олардың соңдарына енгендердің көбісі қолға түсті. Бірақ жаудың қалдықтары көшіп бара жатып Байжансай шахтасына дәрі қойып өртеп кетті, бірқатар елді мекендерді талады. Күрес екі айға жуық созылды. Бүлікшілердің бәрі де халықтың қатаң жазасына тартылды.
Байырғы комсомол мүшесі, сол бір алмағайып шақтарда Талас аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, әрі аудандық партия комитетінің Саудакенттегі тұрақты нұсқаушысы болған, қазіргі пенсионер, Жамбыл облысы, Жаңатас қаласының тұрғыны Спабек Ибрагимовпен осылай кездескен едік.
Осы шындық деректерді біз кейіннен Байқадамның туған ағасы, сол кезде Талас аудандық милиция бөлімінің бастығы болған Балқыбектің зайыбы, Байқадамның жеңгесі, бүгінде әбден қартайған Күлән апайдың да ауызынан естідік.
- Сол бір жылдары күйеуім Балқыбек Талас ауданындағы милиция бөлімінің бастығы болатын. Байқадам Ташкенттегі құрылыс техникумын бітірген соң бізді сағалап Талас ауданына келіп жұмыс істеді. Онда аудан орталығы Ойықта болатын. Байқадам алғаш аудандық комсомол комитетінде, одан колхоздардағы құрылыс учаскелерінде жұмыс істеді. 1931 жылдың басында оны аудандық партия, атқару комитеттері Саудакентте колхоз ұйымдастыру, елді отырықшылдыққа айналдыру жөніндегі комиссияның төрағасы етіп жіберді. Жасынан еңбекқор Байқадам мұнда да жұмысқа ширақ кірісті. Үш колхоз ұйымдастырып, Саудакенттің алғашқы іргетасын қалады. Сол кезде материал да, күш те аз болатын. Оған қарамастан ол жергілікті мүмкіндіктерді пайдаланып, оған жергілікті халықты жұмылдырды. Әрине, күш-көлік, арбалар байлардікі болды. Бұған жергілікті байлар наразылық білдіріп те жүрді. Ақыры сол байлардың қолынан мерт болды. Мен Балқыбек басқарған отрядпен бірге келіп, қайнымның жау қолынан қалай өлгенінің куәсі болып қайттым,-деген сөздерді Күлән апай егіліп отырып, езіліп айтты.
Есімі кезінде Талас өңіріне аңыз болған жалынды күрескер Байқадам кім, тегі кім, елі кім деген сауалдар қайта құрылған аудан басшыларының, газет қызметкерлерінің ойына орала берді. Өйткені, аудан басшылығы аудан орталығында Байқадам жерленген Күлтөбе басынан құлпытас орнатуды, Байқадам қазақ орта мектебінің алдынан Байқадамның бюстін орнатуды жобалаған еді. Осыған байланысты Байқадамның өмір тарихы, суреті керек болды. Бұл материалдарды Байқадам төңірегінен іздестіріп таба алмаған соң республикамызға белгілі, атақты ақын Асқар Тоқмағамбетов Байқадамның туысы, жерлесі дегенді естіп менің Қызылорда қаласына арнайы баруыма тура келді. Ол кезде Асекең Қазақстан Жазушылар одағының Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы өкілі еді. Облыстық «Ленин жолы» газеті редакциясына орналасқан кеңсесіне барып жолықтым. Асакең Байқадамның балалық шағын өзімен бірге өткізгендіктен жақсы біледі екен.
- Біз екеуміз,-деді Асекең баяулай бастап,-Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданындағы Сыр бойында /Иткен/ деген жерде туғанбыз. Жастайымыздан бірге өсіп, ойынды бірге ойнадық, бір-бірімізден екі елі айырылмайтын дос болдық. Әкесі Қашқынбай кедей болды. Күн көру үшін Шалабай деген байдың қойын бағып жүрді. Мен де онымен ілесіп бірге барып, мал өрісінде бірге ойнайтынбыз. Ол менен көрі зерделі, зерек еді, әрнәрседен хабары болатын. Маған қолғап тоқуды үйрететін. Ол кезде кітап оқу ойда жоқ болатын. Бар ынта-ермегіміз қолғап тоқу болды. Бір күні қолғап тоқып отырып білмей қалыппыз. Қойымыз бет-бетімен су іздеп шұбырып кетіпті. Біз жүгіре басып соңынан барсақ, қойлар үйме-жүйме, топ-топ болып үркіп жүр. Бес-алты бағлан өліп жатыр. Қасқыр талаған. Байдың мінезі қатал еді, еш кешірмейтін. Байқадамның өңі өзгеріп кетті.
- Асқар,-деді ол қатқыл үнмен, - бай мені енді кешірмейді. Байдан қорлық көргенше мен қашамын. Талас өңірінде ағам бар. Соған барып паналаймын. Сонда барып оқуға түсемін. Сен мына малдарды айдап барып, байға тапсыр, қашып кетті де. Саған тимейді ғой, малшысы емессің,-деді де Түркістан қаласын бетке алып жүріп кетті.
Міне, содан бері 36 жыл өтіпті. Мен Байқадамды содан кейін көргем жоқ. Кейіннен біз қолында болған, елге қайтып келген жеңгесінен Байқадам Саудакентте ерлікпен тап жауларының қолынан қаза тапты дегенді естідім. Жеңгесі бүгінде әбден қартайған кемпір, қаладан қырық шақырым ауылда тұрады. Менде суреті жоқ, бір болса сол жеңгесінде болар. Ол ауылдың жолы қиын, құм ішінде, сіз бара алмайсыз. Адресіңізді қалдырып, қайта беріңіз. Бір айдың бедерінде суреті болса, салып жіберемін,-деп сөзін түйіндеді Асекең.
Асекеңнен бір айға жетпей-ақ Байқадамның суретінің жоқтығын айтқан хат-хабарын да алдық. Осыдан кейін Байқадамды көрген келбетін, түр-түсін білетін көне көздермен кездестік. Олар бір ауыздан Байқадамның келбеті сол жылдары «Байқадам совхозында жұмыс істеп жүрген Аман Дарияровқа ұқсайтынын айтты. Біз жергілікті сурешіге сол кісінің суретін қолдан салдырдық. Қазір аудандық музейде тұрған Байқадамның суреті сол сурет. Байқадам орта мектебінің алдына орнатылған Байқадам бюсті де сол суреттен көшіріліп жасалған. Қазір Күлтөбе үстіндегі Байқадамға арналған ескерткіш құлыптас бар. Құлыптастың бетіне: «Ер есімі-мәңгі есте. Байқадам Қашқынбаев, 1907-1931» деген жазу бар. Бүгінде байқадамдық пионерлер жыл сайын әр кезеңде құлыптастың табанына, бюстің төңірегіне гүл шоқтарын қойып, оны совет үкіметі үшін жалынды күрескер ретінде, құрметтеп отырады.
1976 жылы Байқадамның жерлес туысы, әрі досы Асқар Тоқмағамбетов арнайы келіп, Байқадамның қабіріне тәу етіп, оған арналған ескерткіш-бюст бастарында болды. Осы сапарында «Бестоғай», «Батыр бала» атты поэмалар жазды. «Батыр бала» поэмасында Асекең Байқадамның жас шағындағы батырлық, қайсарлық келбетін, жалынды күрескердігін былай бейнеледі:
«Жас еді ол шаршап-қажып шағылмаған,
Жас еді ол буы шығып жалындаған.
Жаны қас бай-молдаға, баспашыға,
Жауқазын әлі гүлдеп жарылмаған.
Шақпақтай шағын жігіт домаланған,
Қалың шаш өрт шалғандай додаланған.
Тік маңдай, ет жеңілдеу, бүйрек бетті,
Бірбеткей айтқан жерде сөзі қалған.
Қайқы төс, қасқыр қабақ, көзі мысық,
Тілуар, ынтық емес, сөзі пысық.
Дөп десе, от шығады лебізінен,
Сөйлейтін әдеті еді көзін қысып...»
Міне, жастайынан шаршап шалдығуды білмейтін, комсомол қатарына ерте кіріп, коммунистік идеяны алдына мақсат етіп қойған, Талас өңірінде батыраңқы қазақ шаруаларын, ауылдарын отырықшылдыққа айналдыруға, коллективтендіруге, алғашқы партия, комсомол ұйымдарын ұйымдастырып, оны жандандыруға белсене кіріскен, тап жауларымен аянбай алысқан, ақыры солардың қолынан мерт болған ер есімі ескеріліп, жалынды күрескер Байқадамға аудан орталығының аты берілген. Аудан орталығының Байқадам есімімен аталуы қашан, қай жылы болғандығы да белгісіз болып жүрді. Бұл жөніндегі жергілікті үкімет қаулысы архивке кеткен деген ойда жүретінбіз. Бұл ойымыз да дұрыс болып шықты. Өткен жылы облыстық партия ұйымының отызыншы жылдардағы тарихын зерттеп жүріп, бұл деректің үстінен шықтық.
1933 жылы сәуір айының басында Сарысу ауданының орталығы Саудакентке келіп орналасқан екен. 2 сәуір күні сол кездегі аудандық партия комитетінің хатшысы Күзенбаев, өлкелік халық шаруашылығы кеңесінің өкілі Ораз Жандосовтардың қолымен өлкелік мекемелерден жаңа көшіп келген ауданға көмек сұраған 15 телеграмма жіберілді. Соның бірінде аудан орталығы Байқадам екендігі айтылады. Телеграммада былай деп жазылған:
-Алматы. Екі адреске: Халық шаруашылығы советіне, байланыс басқармасына, аудан орталығы 2 сәуірден бастап Талас ауданындағы бұрынғы Саудакент, қазіргі Байқадам селосына келіп орналасты. Осыны барлық мекемелерге, ұйымдарға хабарлаңыз. Байқадам, 7 сәуір. Сарысу аудандық партия комитетінің хатшысы Күзенбаев. Халық шаруашылығы кеңесінің өкілі О.Жандосов».
Осы телеграммаға қарағанда Саудакентке Байқадам атауы аудан көшіп келгеннен кейін берілген. Аудан басшысы Күзенбаев, өкілдік өкіл Жандосов жолдастар Байқадамның Саудакенттегі осыдан екі жыл бұрынғы революциялық еңбегін бағалап, аудан орталығына Байқадам есімін беру жөнінде аудандық партия, атқару комитеттерінің арнайы қаулысын шығартқан болуы керек.
Алған бетінен қайтпаған, әрі жігерлі, әрі қайсар, табанды да принципшіл, жалынды күрескер Байқадам Қашқынбаевтың өмірі туралы жаңа деректер осындай.