№1 кезектен тыс педагогикалық кеңес хаттамасының көшірмесі
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданы білім бөлімінің Байқадам Қашқынбаев орта мектебі» КММ
№1 кезектен тыс педагогикалық кеңес хаттамасының көшірмесі
Саудакент ауылы 01.10.2024 жыл
Қатысушылар: 60 Қатыспағандар: 0
Педагогикалық кеңес төрағасы: А.Е.Сейналиев
Хатшы Б.Агыбаева
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. «Білім туралы» 2007 жылғы 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР-сы Заңының 5 бабының 21-2) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру туралы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен» ұжымды таныстыру.
2. Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша комиссия құрамын сайлау.
3. Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру, жүргізу мерзімімен және іс-шаралар жоспарымен ұжымды таныстыру.
1.Тыңдалды: күн тәртібіндегі мәселемен мектеп директоры А.Е.Сейналиев таныстырды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары 2 тараудан, 3 параграфтан және 4 қосымшадан тұрады деді. Осы өлшемшарттың 1-ші тарауында өзін-өзі бағалау кезінде кездесетін ұғымдарға түсінік берілген. Өлшемшарттарда білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары-білім беру ұйымын бағалауды анықтау үшін қолданылатын, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген талаптардың жиындығы және бағалау өлшемшарттары-білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүргізуге негіз болатын белгілер мен нақты өлшеуіштер деп ұғымға түсінік беріп өтті.
2-ші тарау «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары». Бұл тарауда бағаланатын кезеңге қойылатын талартар туралы айтылған деді. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Білім
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алдыңғы бақылау субьектісіне бармай профилактикалық бақылау болып табылмайтын білім беру ұйымдарын жыл сайынғы бағалау оқу нәтижелеріне бағалау жүргізбей өткізіледі, сонымен қатар білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ескере отырып, бағаланатын кезең толық оқу жылы болып табылады және бармай профилактикалық бақылау алдындағы білім беру ұйымдарына бағалау оқу нәтижелеріне бағалау қолдану арқылы өткізіледі, сонымен қатар бағаланатын кезең бұрын өткен төрт оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы осы бақылау басталғанға дейінгі бір ай болып табылады деп таныстырылды. Оқыту нәтижелерін бағалау 4,9-сыныптардың білім алушылары арасында жүргізіледі және оқыту нәтижелерін бағалау кезінде білім алушыларға өз білімдері, іскерліктері мен дағдыларының деңгейін көрсету үшін бірыңғай жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасалады деді. Компьютерлік тестілеу және тестілік бақылау білім беру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған бақылаушылардың қатысуымен жүзеге асырылады деп мәлімдеді. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін компьютерлік тестілеу кезіндегі бағалау шәкілімен таныстырылды.
«өте жақсы» -85-100%;
«жақсы» -65-84%; «қанағаттанарлық» -40-64%;
«қанағаттанарлықсыз» - дұрыс жауаптар емтихан материалындағы сұрақтар санынан 40%-дан кем болғанда. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан кемінде 40%-дан кем емес білім алушылардың «қанағаттанарлық» деген бағадан төмен немесe дұрыс жауап бергені білім беру ұйымымен айқындалған жағдайда МЖМБС талаптарына сәйкес келеді деп есептелінеді деді.
Өзін-өзін бағалау өлшемшарттарының 2-параграфында бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратынбілім беруұйымдарын бағалау өлшемшарттары көрсетілген деп, сол өлшемшарттармен таныстырды.
Өзін-өзі бағалауды жүргізу кезінде төмендегі комиссия құрамына сараптамалық қорытындыментөмендегі құжаттардыңкөшірмелері ұсынылады деді:
1) жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарын, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса берілді;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің Білім және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компонент пәндерінің базалық мазмұнын игеру;
4)білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру;
5)білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық,еңбек және денетәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тысіс-әрекеттіңәртүрлі 6) білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі);
6) білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру;
7) ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру;
8) ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру;
9) "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын игеру 10) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру;
11) Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министірінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнен кейіннен іннен білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі-біліктілік талаптары) сақтау.
12. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім
алушыларының оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:
1) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;
2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;
3) сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.
13. Білім алушылардың дайындық деңгейіне өлшемшарттар:
1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер);
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №52 бұйрығымен бекітілген, білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;
3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау;
4) 4,9-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау.
14. Оқу мерзіміне өлшемшарттар:
1) тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау;
2) сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік жылдағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау. Сонымен қатар, осы өлшемшарттың 2-тарауында «Білім беру ұйымдарының өзін -өзі бағалауды ұйымдастыру және өткізу» туралы баяндады.
15.Білім беру ұйымдарын өзін-өзі бағалау комиссиясымен бекітіледі және басшының бұйрығымен комиссия құрамы бекітіледі. Комиссия төрағаны қосқанда білім беру ұйымының кемінде бес қызметкерінен (тақ саннан) тұрады.
Білім беру ұйымы комиссияның төрағасы оның бірінші басшысы болып табылады деп таныстырылды.
16.Комиссия төрайымы білім беру ұйымын өзін -өзі бағалауда жалпы жоспарлауды және оған басшылықты жүзеге асырады. Төраға бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім беру ұйымына өзін-өзі бағалау жүргізу бойынша нақты тапсырмаларды комиссия мүшелері арасында бөледі.
17.Білім беру ұйымдарын өзін -өзі бағалау материалдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне олардың құзыреті шегінде ұсынылады деп таныстырылды.
2. Тыңдалды: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығын, Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, мектепте өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру мақсатында комиссия құрамына төмендегі азаматтарды ұсынамын деді. Комиссия құрамына мүшелікке: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сейтказиев, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Сыздықова, директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары М.С.Дариябеков, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Қ.Тайжанов, педагог – психолог Б.Жақсыпейілова, педагог – ұйымдастырушы А.Ташкеев, мектеп жанындағы интернаттың меңгерушісі С.Егизбаева, бағдарламашы Б.Шужеев, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы З.Бупежанова,хатшылыққа бастауыш сынып пәнінің мұғалімі Б.Агыбаеваны ұсынды.
2.1. Сөйледі: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сейтказиев Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен» сәйкес комиссия төрағасы мектеп директоры А.Е.Сейналиевті ұсынды.
2.2. Сөйледі: Комиссия төрағасы: А.Е.Сейналиев мүшелердің қызметімен таныстырылды: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сейтказиев 4,9-сынып оқушыларының деректер базасын жинақтап, тестілеу жүргізілетін сыныптарды компьютерлермен жасақтау және Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарының 2-параграфтың,2-қосымшада 13 өлшемшарттары, Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына өлшеуіштер, осы өлшемшарттардың7,8,9,10,11,12,13-қосымшаларын жинақтау, аналитикалық талдау жасау және осы өлшемшарттары; Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Сыздықова, директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары М.С.Дариябеков осы өлшемшартта көрсетілген 9,10,11,12қосымшаларын жинақтау және аналитикалық талдау жасау; Педагог – ұйымдастырушы А.Ташкеев МАД тобына 1-параграфтың 2,3,4,5-қосымшасын жинақтау. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы З.Бупежанова мектептің өзін-өзі бағалау өту мерзімінде, әр педагогқа кәсіби қолдау көрсету.
Хатшы Б.Агыбаева өлшемшартта көрсетілген құжаттардың жинақталуы мен хаттамалардың жазылуына жауапты деп көрсетті.
Комиссия төрағасы А.Сейналиев Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығына сәйкес құжаттардың жинақталуы мен рәсімделуіне жауапты екенін айтты. 3.Тыңдалды: Мектеп директоры А.Сейналиев педагогикалық ұжымды іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Атқарылатын іс-шаралар | Мерзімі | Түрі | Орындаушы | Жауапты | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Мектепте 2024-2025 оқу жылында «Өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру» мақсатында «Мемлекеттік аттестация» шарасынан өтуіне байланысты, дайындыққа арналған іс-шаралар жоспарын жасау | қазан, 2024 жыл | Іс-шара жоспарын әзірлеу | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
2. | Мектепте кезектен тыс «Педагогикалық кеңес» және «Директор жанындағы кеңес» жиындарын өткізу | қазан, 2024 жыл. | «Педагогикалық кеңес» және «Директор жанындағы кеңес» жиындарын өткізу | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
3. | «Өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру» мақсатында тиісті заңдылыққа сәйкес, комиссия құрамын бұйрықпен бекіту | мерзімінде | Нормативтік-құқықтық акті (бұйрық) шығару | А.Сейналиев Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
4. | Тиісті талапқа сәйкес, мектептің мүкаммалдық теңгеріміндегі қажетті құрал-жабдықтармен толыққанды қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру | мерзімінде | Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөліміне мектептің ілеспе хаты мен қосымшасы арқылы сұраныс беру | Қ.Тайжанов | А.Сейналиев |
5. | Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған тиісті оқу-әдістемелік кешендерімен, оқу және көркем әдебиеттермен толыққанды қамтамасыз етілуін ұйымдастыру | мерзімінде | Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөліміне сұраныс беру | Н.Сыбанберли | А.Сейналиев |
6. | Оқу жылдарының кезеңдері бойынша мектептің өндірістік жоспарларын жинақтау, тиісті жоспар бойынша жасалған жұмыстарға саралау, зерделеу және талдау жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Саралау, зерделеу және талдау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
7. | Мектептің педагогтарымен «Online» форматтағы «Сауалнама» шарасын жүргізу өтініш хаттар жіберу | мерзімінде | «Сауалнама» шарасын жүргізу | Ж.Сейтказиев Б.Жақсыпейілова | А.Сейналиев |
8. | Ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне «Online» форматта «Сауалнама» шарасын жүргізу үшін өтініш хаттар жіберу | қазан, 2024 жыл | «Сауалнама» шарасын жүргізу | Б.Жақсыпейілова | А.Сейналиев |
9. | Мектептің 4 және 9-сыныптардың білім алушыларының тапсырған «Тестілеу» шараларының қорытындысын талдау | қазан, 2024 жыл | «Тестілеу»» шарасына талдау жүргізу | Б.Жақсыпейілова | А.Сейналиев |
10. | Мектепте тиісті бейіні бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген немесе педагогикалық біліктілікті қайта даярлауды растайтын «Сертификат» құжаттары бар педагог қызметкерлердің үлес салмағын зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова М.Дариябеков | А.Сейналиев |
11. | Мектептің педагог қызметкерлерінің біліктілік санаттарының деңгейлерін 5 жылда 1 реттен сиретпей, біліктіліктерін арттырған және растағаны жөніндегі үлес салмағы | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова М.Дариябеков | А.Сейналиев |
12. | Мектеп директорларының және мектеп директорының барлық орынбасарларының 3 жылда 1 реттен сиретпей арттырған немесе растағаны жөніндегі үлес салмағы | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова М.Дариябеков | А.Сейналиев |
13. | Мектептің педагог қызметкерлерінің ішіндегі жоғары және бірінші санатты, «Педагог-шебер», «Педагог-зерттеуші», «Педагог-сарапшы» деңгейлеріндегі педагог қызметкерлердің жалпы үлес салмағы | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова М.Дариябеков | А.Сейналиев |
14. | Мектептің білім алушыларының жас деңгейлері бойынша «Топтар бөлінісі» сәйкестігін зерделеу, саралау, талдау, жинақтау | Мерзімінде | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
15. | Мектептің білім алушыларының оқыту нәтижелері бойынша «Білім», «Білік» және «Дағды» сапасын бағалау жұмыстарын жүргізу | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
16. | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың «Үлгілік оқу жоспары» шарасына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
17. | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың «Үлгілік оқу бағдарламалары (вариативті, жеке бейімделген, қосымша)» шарасына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
18. | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың «Үлгілік қағидалар» шарасына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
19. | Мектептің «Мектепалды даярлық» тобы мен шағын орталық тәрбиеленушілерінің оқыту нәтижелеріне зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
20. | Мектептің «Мектепалды даярлық» тобы мен шағын орталық тәрбиеленушілерінің даму мониторинг (бастапқы, аралық, қорытынды) шараларына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
21. | Мектептің «Мектепалды даярлық» тобы мен шағын орталық тәрбиеленушілерінің оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова А.Ташкеев | А.Сейналиев |
22. | Мектептің «Мектепалды даярлық» тобындағы мен шағын орталық тәрбиеленушілерін 1-сыныпқа қабылдағанға дейін «МДТО» бойынша «Үлгілік оқу бағдарламасы» шарасын игеруі | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова А.Ташкеев | А.Сейналиев |
23. | Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген оқу жоспары мен сабақ кестелерінің болуын зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
24. | Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» шарасына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
25. | Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндер бойынша «Үлгілік оқу жоспары» шарасына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
26. | Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндер бойынша «Үлгілік оқу бағдарламасы» шарасына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
27. | Мектептің білім алушыларының «Таным» мәселелері мен сипатын шешуге және субъективті тұрғыда жаңа білімді меңгеруге, ұлттық сипаттағы құндылықтарды жас ұрпақтың бойына дарытуға бағытталған «Тәрбие барысы бойынша атқарылатын барлық ісшаралар мен жұмыстар» шарасына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
28. | Мектепте рухани, адамгершілік, азаматтық, патриоттық, көркемдік, эстетикалық еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру жұмыстарына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
29. | Мектептің білім алушыларының жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, «Бейінді оқыту» шараларын іске асыру жұмыстарына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Г.Сыздықова М.Дариябеков | А.Сейналиев |
30. | Мектептің «Ерекше білім беру» қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту барысын ұйымдастыру жұмыстарына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
31. | Мектептің «Үлгілік оқу жоспары» шарасына сәйкес, жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
32. | Мектептің «Өмір қауіпсіздігі негіздері» міндетті оқу курсына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
33. | Мектептің нормативтік-құқықтық актілер тізбесінде «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және осы аталғандарға сәйкестігін растайтын құжаттарды зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
34. | Мектептің «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсына зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
35. | Мектептің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемінің өлшемшарттарын зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
36. | Мектептің «Инвариантты және вариативті» компонентін құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, үлгілік оқу жоспарымен белгіленген барлық сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және тиісті заңнамаға сәйкес сақталуы | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
37. | Мектептің сыныптарының, оның ішінде «Инклюзивті білім беру» шеңберінде «Ерекше білім беру» қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы топтарға бөлуге қойылатын талаптардың сақталуын зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
38. | Жалпы білім берудің «Үлгілік оқу бағдарламалары» жүйесінің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» талаптарына сәйкес, тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытылудан күтілетін нәтижелер) | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
39. | Мектепте «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» жүйесін жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарының зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
40. | Мектептің «Ерекше білім беру» қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде «Инклюзивті білім беру (дамудың бұзылуын түзеу және әлеуметтік бейімдеу талаптарын орындау)» жүйесінің талаптарын орындау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
41. | Мектептің 4 және 9-сыныптарының білім алушыларының тізімін құжат бойынша саралау, жинақтау | Мерзімінде | Тізімді саралау, жинақтау | Ж.Сейтказиев сынып жетекшілері | А.Сейналиев |
42. | Мектептегі барлық тестілеуге байланысты «USB-port» электронды жүйесі арқылы «Тестілеу» бағдарламасын орнатуды ұйымдастыру | Мерзімінде | «USB-port» электронды жүйесі арқылы «Тестілеу» бағдарламасын орнату | Б.Шужеев | А.Сейналиев |
43. | Мектептің 4 және 9-сыныптарының білім алушыларының тізімін құжат бойынша саралау, жинақтау | Үнемі кезең-кезеңімен дайындау | Тестілеуге дайындау | Ж.Сейтказиев Тиісті пән мұғалімдері | А.Сейналиев |
44. | Мектептің тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтауды зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
45. | Мектептің сыныптары бойынша оқу жылдарының және оқу жылдарындағы каникул кезеңдерінің ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Мектеп әкімшілігі | А.Сейналиев |
46. | Мектептің «Білім беру» процесін ұйымдастыру және жоғарыда аталған шараның іске асыру бойынша әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
47. | Мектептің оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу машығын, дағдысын және біліктілігін қалыптастыру, дайындау жұмыстарын жүргізу | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова, пән мұғалімдері | А.Сейналиев |
48. | «Вариативтік компонент» бойынша таңдау курстарының іске асырылуы және сабақ кестесі мен жетістіктері | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
49. | Мектептің білім алушылардың «Инвариантты және вариативті» компонентін құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің жалпы білім беретін «Үлгілік оқу жоспары» бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігінің сақталуы | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
50. | Білім алушылардың «Қорытынды аттестаттау» шарасына дайындығы және тиісті хаттамасын рәсімдеу жұмыстарын жүргізу | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев тиісті сынып жетекшілері | А.Сейналиев |
51. | Мектептің «Өзін-өзі бағалау» шарасын жүргізуді ұйымдастыру | қараша, 2024 жыл | Зерделеу саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Мектеп әкімшілігі | А.Сейналиев |
52. | Жамбыл облысының білім саласында білім сапасын қамтамасыз ету департаментіне мектептің тиісті құжаттарын мерзімінде дайындап, кезең-кезеңімен өткізу жұмыстарын ұйымдастыру | Мерзімінде | Тиісті құжаттарды жинақтап, арнайы тізбе бойынша Жамбыл облысының білім саласында білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің ресми сайтына орналастыру | Мектеп әкімшілігі | А.Сейналиев |
53. | Мектептің «Кешенді тестілеу» шарасын «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» жүйесін қолдана отырып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде, көрсетілген уақытта «Емтихан» шарасын өткізу | Мерзімінде | «Тестілеу» шарасын өткізу | Ж.Сейтказиев Б.Шужеев Қ.Тайжанов | А.Сейналиев |
54. | Мектепте «Kundelik.kz» электронды күнделік-журналы» жүйесінің мерзімінде толтырылу барысын зерделеу, саралау, жүйелеу, тексеру (толтырылуы, жалпы белсенділігі, пәндер бойынша «Бөлім бойынша жиынтық бағалау» және «Тоқсандық жиынтық бағалау» баллдарының толтырылуы, тағы басқалар) | Үнемі | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау | Ж.Сейтказиев Б.Шужеев, барлық пән мұғалімдері | А.Сейналиев |
55. | Мектептің 1-11-сыныптарының білім алушылары үшін орындау мүмкіндігін ескере отырып (тиісті астрономиялық сағаттарда) үй тапсырмасына қойылатын талаптарды сақтау | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау, пән мұғалімдеріне әдістемелік көмектер беру | Ж.Сейтказиев, әдістемелік пән бірлестіктерінің жетекшілері | А.Сейналиев |
56. | Мектептің білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар (білім, білік және дағды сапасын бағалау) | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау жұмыстарын жасау, пән мұғалімдеріне әдістемелік көмектер беру | Ж.Сейтказиев | А.Сейналиев |
57. | Мектептің білім алушыларының «Оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру» мен «Қалыптастырушы және жиынтық бағалау» талаптарын сақтауды жүзеге асыру | 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары бойынша | Зерделеу, саралау, жүйелеу, жинақтау | Ж.Сейтказиев Г.Сыздықова | А.Сейналиев |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірі 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығының 14 тарауы бойынша білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудың күтілетін нәтижелері) (білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамаларының) осы талап бойынша нысаналы сыныптарды бекіту қажеттілігін айтты.
04.10.2024 жылғы кезектен тыс педагогикалық кеңес мәселені тыңдай отырып, қаулы етті:
1.Мектепте 2024 жылдың 04 қараша мен 04 желтоқсан аралығында Қазақстан РеспубликасыныңОқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындасапаны қамтамасыз ету комитетінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауынұйымдастыружәнеөткізужөніндегіәдістемелік ұсынымдарды» басшылыққа алынып өзін-өзі бағалау жүргізілсін.
2.Комиссия құрамы және іс-шаралар жоспары педагогикалық кеңестің қаулысына сәйкес бұйрықпен бекітілсін.
3. Өзін-өзі бағалау қорытындысы педагогикалық ұжымға таныстырылсын және қамқоршылық кеңес алдында есебі берілсін.
Мектеп директоры: А.Сейналиев
Хатшы: Ағыбаева Б.