«Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында акция ұйымдастырды » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында акция ұйымдастырды
24
ноябрь
2023

«Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында акция ұйымдастырды

Қараша айының  24 күні Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Ар-намыс» құндылықтарын насихаттау мақсатында   «Жастар есірткіге қарсы» желісінде өткізілген акция ұйымдастырды. 9,10 – сынып оқушылары топ болып жиналып, өздері салған суреттер мен көптеген салауатты өмір салтын уағыздайтын кітапшалар таратып Саудакент халқына үндеу жолдап, ой тастады. Ғасырымыздың үш аждаһасы, заманымызға төнген қауіп екендігін өздері де түсініп, өзге санасына да ұялатқандай болды. Мектеп медбикесі, аға тәлімгер де балалардың ұрандарына қосылып, өз ойларын ортаға салып, оқушыларға көмек беріп жүрді. Бір жеңнен қол шығарсақ қана нашақорлықты жеңетіндігімізді түсіндірді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерлері келіп, анаша, есірткі, арақ, темекі сынды зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізер зияны жайлы,адам өміріне балта шабатын іс-әрекет екенін оқушыларға түсіндіріп,қоғамда болып жатқан өрескел қылмыстарды  хабардар етіп, бұл жағдайға бей – жай қарай алмайтындықтарын атап өтті. Осындай акция, игілік шаралардан оқушылардың алар тәлім – тәрбиесі зор екенін айтты. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын десек, басымызға төніп тұрған аждаһалардан құтылайық. Оларға қарсы тұрып, бәріне бірауыздан «ЖОҚ» дейік. Жасампаз, тәуелсіз еліміз сонда ғана көк байрағы желбіреп, көгілдір аспанда мәңгі қалықтамақ деп сөздерін қорытындылады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив