«Сабақта жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдары және білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында серіктес мектептерге әдістемелік күн өткізілді.
2023 жылдың 12 қазан күні «Тіл және әдебиет» пәндер бірлестігінің «Сабақта жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдары және білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында серіктес мектептерге әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күн жоспарына сай барлық іс шаралар өткізілді. Мектептің педагог психологы Б.Жақсыпейілова қатысушылармен тренингтер жүргізді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.Бупежанова, М.Стаева, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Рахымжанова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Жәнбекова ашық сабақтар өтті. Әдістемелік күнге серіктес Ы.Сүлейменов, Ж.Отарбаев атындағы мектептердің қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты. Соңында кері байланыс жүргізілді.




