17
май
2023
"Жомарт түлек" кездесу кеші өткізілді.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша 17 мамыр күні "Жомарт түлек" кездесу кеші өткізілді. Кездесуге мектеп бітіргеніне 50 жыл толған түлектер келді. "Жомарт түлектің мақсаты: Туған өлкесіне оралу, туған мектепке тағзым жасау,өскелең ұрпаққа үлгі көрсете отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу,үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу сонымен қатар болашаққа бағдар «Рухани жанғыру» атты мақаланы жүзеге асыру. 1973 жылы мектеп бітірген түлектер Әбілов Сундетулла,Телібаева Ғалия, Боханов Дүйсенбай, Үсенбаева Зауре, Саражанов Жаңабек,Болатов Есенгелді,Әбілдаева Ләйла, Әбдіқұлов Сенбі, Өксікбаев Тұрған, Сұлтанбеков Сапар, Смайлов Дүйсенбай аға, апкелеріміз өздерінің балалық шағына саяхат жасап,мектеп бітіруші түлектерге жүрек жарды тілектерін білдірді. Мектепке құны 50 мың тенге тұратын қабырға сағатымен өз туындыларынан әдеби кітаптарды тарту етті.Сонымен қатар Болатов Есенгелді аға 50 мың қаржыны мектеп қорына сый етті. Жеке кәсіпкер Үсенбаева Зауре апке 10 қыз балаға және екі ұл балаға ұлттық киімдерді сыйлады.
