«Бала тәрбиесіне кім жауапты? Мектеп әлде ата- ана ма?» тақырыбында кезекті дебат ойыны өткізіллді.
«Намыс» дебат клубының жұмыс жоспарына сәйкес кезекті дебат ойыны өткізілді. Ойын дебашылар арасында кеңінен танымал АПФ форматын өрбіді.
Үкімет лидері өз сөзінде;
«Бала тәрибесіне көбіне аналар жауапты деп жатамыз. Бірақ ата-әжелеріміз тәрбиелі, өнегелі баланы көрсе, тегіне тартқан, әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала деп баға беріп жатады. Осыдан-ақ әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін аңғаруға болады. Атадан-балаға мұра болған бабалар сабақтастығы бүгін жойылып барады. Ошақ қасындағы ерлер саны да артуда дей келе қарар бойынша резолюция шығарып, нақты да сауатты кейс құра білді. Оппозиция тарапы «балалар тәрбиесіне мектеп жауапты бол керек» деп контркейс құрып жақтаушы жақтың кейсін құлатуға тырысты. Алайда жақтаушы жақ ойынға жақсы дайындықпен келгенін көрсетіп нақты аргументтер мен фактілерді жіктеп беру арқылы ойында басымдылық көрсете білді. Алтын ұя мектебім - деп әрбір оқушы қай уақытта болмасын білім алған ошағын құрметтеп, оған ерекше ықыласпен қарайды. Себебі білім мен тәрбиені ұштастырып, әр балаға өз баласындай қараған ұстаздардан оқушылар ұқыптылықты, ұстамдылықты, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Яғни, мектеп – баланың екінші отбасы, ал, ұстаз – екінші анасы екені даусыз. Осы орайда ата-ана мен мұғалімнің бала тәрбиесіндегі рөлі де екіге бөлінбеуі керек. Ата-ана баласын алты жасқа дейін баптап өсірсе, ары қарай мұғалім бұл жауапкершілікті жалғастырып, қабыл алуы керек. Бірақ ата-ана баласын ұстазға тапсырдым екен деп арқасын кеңге салуына болмайды. Ұстаздар берер тәрбиесі мен өнегелі іс-әрекетін көрсете білуі тиіс- деген сөздермен аяқтады. Ойын соңында екі тарапта өздерінің позицияларнда калатындарын мәлімдеді.

