12
декабрь
2022
16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай «Менің елім – Қазақстан » атты тақырыбында байқау өткізілді.
Балалар жылына аясында Байқадам Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Менің елім – Қазақстан » атты тақырыбында 1-10 сынып оқушылар арасында патриоттық ән байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 7 үміткер қатысты. Үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, әннің байқау шартының сәйкестігіне, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне қазылар алқасы мән берді. Шешім бойынша бас жүлде Тоқан Сағынай ,І орынды Ербол Айназ, Мұхамеджан Сезімге , ІІ орынды Есенғали Нұрзат, Ерланқызы Ұлдана, ІІІ орын Раймқұл Айтолқын және Серік Азизхан марапатталды.
