«Буккросинг» бұрышы ұйымдастырылды. » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Буккросинг» бұрышы ұйымдастырылды.
21
октябрь
2022

«Буккросинг» бұрышы ұйымдастырылды.

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Оқуға құштар жобасы» аясында жасалынған «Буккросинг» бұрышы туралы

Мәлімет

Мерзімі: қазан айы.2022ж

Мақсаты:Кітапханаға арнайы оқырмандар бұрышын жасау.

Қазан айынын 15жұлдызында тойланатын кітапханашылар күніне орай ұйымдастырырлып отырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»атты мақаласын жүзеге асыру аясында  Б.Қашқынбаев атындағы  мектептің кітапхана оқырмандары арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Буккросинг» атты кітап алмасу акциясы өткізілді. Бұл акциянын негізгі идеясы-өзара кітаптар алмасуы болып табылады. «Буккросинг»акциясы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде қазіргі таңда іс-тәжірбиеге енгізіліп отыр.Жалпы «буккросингтің» шығу тарихына тоқталайық.

«Буккросинг» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітап айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді.Үйлеріңіздегі оқып болған кітапты алып келіп орнына оқымаған кітаптары алуларыңызға болады. Буккроссингті алғаш ойлап тапқан ғалым Рон Хорнбекер. Ол 2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынандай жазу бар кітапты қалдырып кеткен екен: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле аласыз. Кітапты оқып болған соң оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады»-деген екен. Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, оқырмандар саны көбейген. 2004жылдан бастап « Буккроссинг» Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізілді. Бүгінде буккроссингке қызығатын адамдар өте көп, олардың арасында ойын ретінде қабылдайтын қарапайым адамдар да, мәдени проблемаларды уайымдайтын арнайы ұйымдарда баршылық. Кітаптың өз оқырманын іздеп шығатын бұл акция осыдан бірнеше жыл бұрын Америкадан бастау алған. Қәзіргі таңда бұл акция барлық жерде болуда. Мектебімізде арнайы оқырмандар бұрышы ашылып, жұмыстар атқарылуда



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                 Г.Сыздықова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив