Мектебімізде «Сыйлыққа кітап» ациясы ұйымдастырылды.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Оқуға құштар жобасы» аясында жасалынған «Сыйлыққа кітап» акциясының ұйымдастырылуы туралы
Мәлімет
Мерзімі: қыркүйек айы 2022ж.
Мақсаты: мектеп кітапханасының әдеби оқулықтарын толтыруға үлес қосу.Кітапханаға кітап сыйлау
«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына» деп бекер айтпаған. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі.
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Осы орайда мектебімізде кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы болып өтті.
Шараның мақсаты – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту. Акцияға қатысушылар алдымен «Сыйға тартылған кітаптар» көрмесімен танысты.
Сонымен қатар, кітапхана қорын түрлі әдебиеттермен толықтыру, балаларды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға аталмыш білім ордасының ұстаздары мен бітіруші түлектер қатысып көптеген құнды кітаптарды қорға тарту етті. Мектебіміздің директоры Л.Нурмаханова өз атынан құнды кітаптар ұсынып, акцияға атсалысқан қатысушыларға алғысын білдірді.
Шара барысында аталмыш мектептің оқушылары өз жыр шашуларымен әндерін, көркемсөз оқумен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Сыздықова