20
февраль
2019
"Туған тілім-тірлігімнің айғағы" атты кітапхана оқырмандары арасында викториналық сайыс өтті.
21-ақпан Туған тілім-тірлігімнің айғағы
(Викториналық сайыс)
Кештің мақсаты: Оқырмандарға ең әуезді, ең мәнді, ең мағыналы, ең бай ана тілін құрметтеп қастерлеудің, жаның сала қорғауға насихаттау. Тілді дамытатын-халық. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілін үйрену істің күшейту мәртебесін көтеруге аянбай ат салысуға шақыру. Көрнекілігі: Зал әсем безендірілген. Тіл туралы көрнекті ақын жазушылардың нақыл сөздері ілінген «Тіл тұғыры-ұлт ғұмыры»-кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жүргізуші: Құрметті оқырмандар, қонақтар! 21-ақпан Ана-тілі күніне байланысты өткізіліп отырған «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Тіл тірегің, соғып тұрған жүрегің. Ана тілің-атаңның анаңның тілі туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі білімді мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Тіл бүкіл халықтың естелігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқ кітаптың, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр адамзат өз-ойын ана тілінде білдіріп білімнің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қолданады. Тіл-халықтың жаны, сәні дәлірек айтқанда тұтастай кескін қабілеті.
Жүргізуші: Ана тілім-бала шағам өркенім
Ана тілім-болашағым ертеңім
Ана тілім-сайын далам, жер көгім
Ана тілім-арман ойым өрнегім
дей отырып: Ендігі кезекті оқырмандарымызға берейік Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы
Жақай Жанел
Ана тілің біліп қой
Еркіндігің теңдігін
Ана тілің біліп қой
Мақтанышым елдігің
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Жүргізуші: Қазақстанда тұратын әрбір халық мемлекеттенік тілді меңгеруі тиіс.Мемлекеттік тіл тек қазақтың тілі ғана емес, қазақстанда тұратын барлық ұлттың ұлтаралық тілі. Ата-бабаларымыз өзінің асыл мұрасы-тіл өнерін келесі ұрпаққа жеткізіп, оны аялап қастерлеп отырған.
Тіл қашанда ұлы мәдениеттің өнер-білімінің ұлы қаруы. Халқымыздың тарихында елі үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кемеңгерлері, ойшылдары аз болмаған. Солардың ең бастысы от ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған билер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Ел тағдыры сыңға түскенде абыздай күңіреніп араша түскен жандардың атқарған қызметі ұшаң-теңіз.
Төле би: Уа халқым, сөз қадірін білесің,
Жаңбыр жаумаса ел жетім.
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы....
Қазыбек би: Аты жаманның арманы жетер,
Баласы жаманның дәрмені жетер.
Әйтеке би: Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң, жолың ашылады.
Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Байболова Аяулымның орындауында «Ана тілім-асылға бабаларым» өлеңі оқылады.
Жүргізуші: Ата-бабаларымыз өзінің асыл мұрасы-тіл өнерін келесі ұрпаққа жеткізіп, оны аялап, қастерлеуді тапсырып отырған. Сондықтан ана тіліміздің қадірін біліп ардақтау парыз.
Тіл-рухани болашағымыз екенің естен шығармауымыз керек.
Келесі кезекте 8-сынып оқушысы Көшекбай Рамазан тіл-туралы өлең оқиды.
Жүргізуші: Ана тілі-атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқтың ұстазы болған. Әр азамат өз атын ана тілінде білдіріп, білімінің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні дәлірек айтқанда, тұтастай кескін-келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата-дәстүрі. Ана тіліміз туралы М.Мақатаев, Ә.Тәжібаев, Д.Әбілев, М.Шаханов, Ж.Аймауытов сияқты көптеген ақиық ақындарымыз жырлар жазды.
Қазақ тілі-туын биік ұстаған
Қазақ тілі-кең далаша ұстаған
Қазақ тілі-мәртебелі еңселі
Құрметтеп отыр бүгін ел сені! - дей отырып Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Өмірғали Аружанның орындауында «Ана тілім-асылға бағаларым» өлеңін оқиды.
Жүргізуші: Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оның негізгі мекені Қазақстан. 22-қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу-ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.
1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасында «Тіл туралы» жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтан да ана тіліміз талай жырға арқау болған.
Ана тілім, дала тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жарылқасын Әдемі М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқиды.
Жүргізуші: Тамаша өлең таңдайға татып балдай,
Өз тіліңде жыр оқу бақыт.
Қандай жан дүниең жарқырап сала берер,
Ағарып келе жатқан атып таңдай-дей отырып Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, отанымызды танып білеміз. Халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Келесі кезекте: Ә.Байназарованың «Ана тілім-айбыным» атты жыр шумағына береміз. Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жылқыайдарова А.
Ана-тілім теңдесі жоқ байлығым,
Ана-тілім күн шуағым айбыным.
Бас кессе де тіл кеспек жоқ деген сөз,
Ана-тілім жыр жазылған шуағым.
Ана-тілім өмірімнің азығы,
Тіл арқылы жеткен әсем саз үні.
Өзге тілмен шұбарластың құрбымау,
Өз тіліңнен барма алдында жазығы.
Үніңді өшір дей алады кім маған,
Бесік жырын тал бесіктен тыңдаған.
Аппақ сүтін алам ана тілімен,
Бірге емізіп, мені өмірге шыңдаған.
Жүргізуші: Тілі дамыған халықтың рухы да дамымақ емес өйткені сөз атасын таныған. Қазақ халқы үшін сөздің киесі, қасиеті де биік. Демек дүниенің кілті-тілде. Тілдің дамуы арқылы адам баласының дүниетанымы сатылы дамиды. Тіл жалпы мәдениет пен адамзат дүниетанымының тұғыры. Ғ.Мүсірепов «Тілін білмеген түбін білмейді» дейді. Сөйлер сөзге, тілді адамзат сонау көне дәуірдің өзінде-ақ ерекше мән берген. Ғасырдан ғасырға жетіп бірден-бірге ұласып жатқан ел аузындағы небір ғажайып аңыз әңгімелер көне мақал-мәтел тарихына үңілсеңіздер өнер алды саналатын қызыл тілге, шешендік өнерге байланысты небір керемет асыл сөздерді табамыз. Ғ.Қайырбеков «Ана тілі» өлеңді Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Орақ АйданаАна-тілі
Мейлі шаралап теңіз өттім, тау бастым,
Мейлі ақ бұлтыңа жармастым.
Сонда-дағы сен қалмассың көкейден,
Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.
Бар қазақтың орман, көлі, өзені,
Тау қиясы, жалпақ жазық кезеңі.
Сайрап сөйлеп тұрған жоқпа Қазақстан,
Қалай тозар сендік асыл сөз енді.
Жүргізуші: Ақыл ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей ананың-деп ақындарымыз жырлағандай, біздің бүкіл тарихымыздан мен екі болжамды бөліп айтар едім. Оның біріншісі әрине ата-бабаларымыз өздерінің қанын төгіп, жаның беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектін күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы біл олжамыз сол ата-бабаларымыздың арқасында бар бояуымен сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай мөп-мөлдір қазақ тілі дами берсін дей отырып кешті аяқтаймыз.