Мектеп тарихы
1928 жылы көшпелі "Қызыл отау” болып бастаған мектеп Сарысу ауданы халқының қоныстануына байланысты 1933 жылы сәуір айында аудан орталығынан бастауыш мектеп - интернат болып ұйымдастырылып, оған 200-ге жуық тәрбиеленуші тартылды. Мектептің алғашқы мұғалімдері Қордай Түсіпұлы, Көбен Алпысбайұлы, Кенжетай Сүлейменұлы, Әбен Медеуұлы, Әшекей Өтешұлы, Мүсиіп Байтілеуұлы, Киікбай Махажанұлы, Наурызбай Шүңгілұлы алғашқы "Қызыл отау», бастауыш мектептің тұңғыш мұғалімдері болып еңбек