Біз туралы » Страница 8 » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Интерактивті сервистерді ҚБ құралы ретінде  пайдалану" тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.
04
декабрь
2021
"Интерактивті сервистерді ҚБ құралы ретінде пайдалану" тақырыбында
Жаратылыстану" пәндер бірлестігінің айлық жоспарына сай химия пәнінің мұғалімі Г. Ертуғанова "Интерактивті сервистерді қалыптастырушы бағалау құралы ретінде пайдалану" тақырыбында шеберлік сынып өткізді.  Интерактивті сервистердің түрлерімен таныстырып, сабақта  қолданудың тиімді жолдарын көрсетіп,  өз іс- тәжірибесімен бөлісті. Шебер сынып жоғары деңгейде өткізілді.
Оқушымыз  "Жыр алыбы - Жамбыл" атты байқаудан жүлделі  оралды.
24
ноябрь
2021
Оқушымыз "Жыр алыбы - Жамбыл" атты байқаудан жүлделі оралды.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Бектас Диана "Жыр алыбы - Жамбыл" атты аудандық байқауға қатысып жүлделі орыннан көрінді. Жетекшісі Байбағысова Лаура қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі үнемі білім алушыларды шығармашылыққа баулып жүрген ұстаздардың бірі. Шәкіртіміз әрдайым биіктен көрініп, ұстазымыздың еңбегі жана берсін!.
Мектебімізде әдістемелік  күн өткізілді.
13
ноябрь
2021
Мектебімізде әдістемелік күн өткізілді.
 12 қараша күні мектеп директорының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Толкимбекованың ұйымдастыруымен мектепішілік әдістемелік күн ұйымдастырылды. Мектеп тренері З.Бөпежанова " Сабақтағы қалыптастырушы бағалау",  Л.Байбағысова "БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру", Г.Омарбаева "Білім алушылардың біліміндегі олқылықтар бойынша жоспар" тақырыптарында өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
" Жаратылыстану ғажайыптары" тақырыбында  "Жаратылыстану" пәндері бірлестігінің  әдістемелік айлығының ашылуы болып өтті.
11
ноябрь
2021
" Жаратылыстану ғажайыптары" тақырыбында "Жаратылыстану" пәндері
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде   " Жаратылыстану" пәндері бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес   11.11.2021 жылы " Жаратылыстану ғажайыптары" тақырыбында  әдістемелік айлығының ашылуы өтті.  Іс- шара барысында  түрлі викториналық ойындар  ойнатылып, іс - тәжірибелер  жасалып көрсетілді.  Іс - шараға мектептің барлық білім алушылары мен педагогтары тартылды. 
Күзгі каникул кезінде  ұстаздарға арналып әдістемелік  күн өткізілді.
02
ноябрь
2021
Күзгі каникул кезінде ұстаздарға арналып әдістемелік күн өткізілді.
2 қараша 2021 жылы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде мектепішілік  әдістемелік күн өткізілді.  Әдістемелік күннің жоспарына сай  директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Толкимбекова "Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы сабақ кепілі" тақырыбында коучинг өткізді, "Мақсатқа негізделген сабақты жоспарлау" тақырыбы бойынша мектеп мұғалімдері Р.Естесова, Н.Әбішбаева, "Дарындылық- жоғары қабілет" тақырыбында Қошманбетова Сандуғаш баяндама жасады.
"Парасатты отбасы - 2021 "  байқауының  жеңімпазы атандық.
18
октябрь
2021
"Парасатты отбасы - 2021 " байқауының жеңімпазы атандық.
Қуанышты жаңалық! Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған "Парасатты отбасы-2021" байқауына мектебіміздің атынан қатысқан Төлмағамбетовтар отбасы жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мектебіміз әрдайым биіктен көріне берсін!!!
2021 жылдың қазан айының 11-21  күндері  аралығында  "Математика, информатика" пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізіледі.
15
октябрь
2021
2021 жылдың қазан айының 11-21 күндері аралығында "Математика,
2021 жылдың қазан айының 11-21  күндері  аралығында  "Математика, информатика" пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізіледі. Онкүндіктің іс - шара жоспарына сай, 11 қазанда ашылу сәті өткізілді. Әдістемелік бірлестік мүшелері математика, информатика пәнін меңгерудің маңыздылығын оқушылардың көрінісі арқылы көрсете білді. Мектеп директоры ұстаздарға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.
"Үш тұғырлы тілдің- болашағы жарқын" тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында байқау өткізілді.
24
сентябрь
2021
"Үш тұғырлы тілдің- болашағы жарқын" тақырыбында 8 сынып оқушылары
"Тіл және әдебиеті" пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында "Үш тұғырлы тілдің- болашағы жарқын" тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында байқау өткізілді. Балалар түрлі тапсырмаларға белсенді қатысып, үш тілде білімдерін ортаға салды. Қорытындысы бойынша екі топ тең түсіп, қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
Мектебіміздің " Тіл және әдебиет" пәндері бірлестігінде "Тіл-халықтар достығының алтын кілті"  атты онкүндігі басталды. Онкүндіктің өтілу уақыты 20-30 қыркүйек аралығы.
20
сентябрь
2021
Мектебіміздің " Тіл және әдебиет" пәндері бірлестігінде "Тіл-халықтар
https://www.instagram.com/p/CUCcVLNsLrx/?utm_source=ig_web_copy_link Мектебіміздің " Тіл және әдебиет" пәндері бірлестігінде "Тіл-халықтар достығының алтын кілті"  атты онкүндігі басталды. Онкүндіктің өтілу уақыты 20-30 қыркүйек аралығы.