Іс-шаралар » Страница 14 » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша  «Ұлттық ойындар салауатты өмір салты кепілі» атты көңілді онлайн  жарысы  өтті.
01
апрель
2021
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Ұлттық ойындар
   Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Ұлттық ойындар салауатты өмір салты кепілі» атты көңілді онлайн  жарысы өткізілді. Сайыс барысында мектебіміздің 7-11 сынып оқушылары арасында  қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Асық ату» ойынын ұйымдастырылып, оқушылар  екі топқа бөлініп жарыс өткізілді. Оқушылар өздерінің мергендігімен көзге түсіп, ойын қызықты өткізілді.Сайыс барысында 6 сынып оқушысы Шәкітай Мүсілім,Балтабай Мағжан Еркінұлы ерекше мергендігімен көзге түсіп өз ара жүлделі
Мектебімізде 22наурыз мерекесіне орай "Ұлы даланың қолөнері" атты көрме ұйымдастырылды.
30
март
2021
Мектебімізде 22наурыз мерекесіне орай "Ұлы даланың қолөнері" атты
Мектебімізде 22наурыз мерекесіне орай "Ұлы даланың қолөнері" атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты- қазақ халқының қолөнер бұйымдарын насихаттау және жасалу жолдарымен таныстыру. 
" Наурыз-мәңгілік ел салтанаты" атты кітап көрмесі және мектеп фоэсінде стенд жасалды.
30
март
2021
" Наурыз-мәңгілік ел салтанаты" атты кітап көрмесі және мектеп
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес " Наурыз-мәңгілік ел салтанаты" атты кітап көрмесі және мектеп фоэсінде стенд жасалды. Көрмеге Наурыз мерекесі жайлы мол мағлұмат беретін кітаптар мен бірге суреттер қойылды. 
Наурыз айының 19 күні мектебімізде жоспарға сәйкес "Қош келдің, Наурыз" атты мерекелік кеш өтті.
30
март
2021
Наурыз айының 19 күні мектебімізде жоспарға сәйкес "Қош келдің,
Наурыз айының 19 күні мектебімізде жоспарға сәйкес "Қош келдің, Наурыз" атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеш барысында 5-11 сынып оқушылары қамтылды. Кеш барысында ойындар мен танымдық ойындар және ән айтылып, би биленіп қызықты өтті. Кешті өткізу барысында барлық санитарлық ережелер қатаң сақталды. 
Наурыздың 15 жұлдызында тәрбие орталығының жоспарына сәйкес " Атаға аманат, ұрпаққа ұлағат" атты қамқорлық акциясы өткізілді. Мектебіміздің оқушылары ауылымыздың қарт тұрғыны Ібіжанов Қабыл атаның үйіне барып қолғабыс етті.
30
март
2021
Наурыздың 15 жұлдызында тәрбие орталығының жоспарына сәйкес " Атаға
Наурыздың 15 жұлдызында тәрбие орталығының жоспарына сәйкес " Атаға аманат, ұрпаққа ұлағат" атты қамқорлық акциясы өткізілді. Мектебіміздің оқушылары ауылымыздың қарт тұрғыны Ібіжанов Қабыл атаның үйіне барып қолғабыс етті. 
Мектебімізде наурыз айының 19 күні "Наурыз береке, бірліктің бастауы" атты қайырымдылық акциясы өтті. Мектеп оқушылары зейнеткер қария апаға көмек көрсетті.
30
март
2021
Мектебімізде наурыз айының 19 күні "Наурыз береке, бірліктің бастауы"
Мектебімізде наурыз айының 19 күні "Наурыз береке, бірліктің бастауы" атты қайырымдылық акциясы өтті. Мектеп оқушылары зейнеткер қария апаға көмек көрсетті. 
" Сағындырған менің мектебім" атты  онлайн кездесу  өткізілді.
30
март
2021
" Сағындырған менің мектебім" атты онлайн кездесу өткізілді.
Мектебімізде "Жомарт түлек" акциясы аясында мектебіміздің түлегі ауыл әкімі Назарбеков Амантай ағамен " Сағындырған менің мектебім» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектепке деген ыстық лебізін білдіріп, мектеп кезіндегі қызықты оқиғалармен бөлісті. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп , болашақтағы жоспарымен де бөлісті. 
"Электронды  форматтағы  ҰБТ қажет пе? тақырыбында   дебат  ойыны өтті.
18
март
2021
"Электронды форматтағы ҰБТ қажет пе? тақырыбында дебат ойыны
Дебат  ойындарын өткізу заман талабы. Дебат ойыны  оқушылардың  өй- өрісін  дамытып, өз ойын еркін айта  алатын  тұлға қалыптастыруға  көмектеседі.  Мектебімізде   "Электронды  форматтағы  ҰБТ қажет пе? тақырыбында дебат ойыны өткізілді.  Дебатерлар  ойын ережесін  қатаң сақтай отырып  кезекпен " Үкімет" және  "Оппозиция" тараптары  болып  мәселені талқылады.  Дебатерлар  регламентті  сақтай отырып  кейс  құрып,  ортақ  мәмлеге  келді.   Ойын санитарлық  талаптарды  сақтай  отырып жүргізілді.