23
октябрь
2023
«Әжем үйреткен» тақырыбында қол өнер байқауы өтті.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша қазан айының 23 күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықованың ұйымдастыруымен «Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес «Әжем үйреткен» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында қол өнер шеберлік сағаты өткізілді.Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру. Баланы кішіпейідікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану Ақ жаулықты әжелеріміз бұл шараға ерекше дайындықпен келді. Әжелер шеберлік сағатында (тамақ әзірлеу, тігін тігу мен тоқыма, құрақ құрау т.б.) ортаға салып, немерелеріне арнаған «Әжемнің алақанынан...» атты көріністе қазақтың кең, мол дастарханын, қонақжайлылығын, үлкенге құрмет, кішіге ізет ететін керемет тәрбиесін көрсетті. Ал, өнерлі немерелері барша қатысушыларға ән мен биден шашу сыйлады.
