19
декабрь
2023
«Біртұтас тәрбие» беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 8-11 сынып қыздары арасында «Салауатты өмір сүру-өз сеніміңе берік болу» тақырыбында кездесу өткізілді
Желтоқсан айында «Біртұтас тәрбие» беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 8-11 сынып қыздары арасында «Салауатты өмір сүру-өз сеніміңе берік болу» тақырыбында кездесу өткізілді.Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау. Қыздар гигиенасы мен физологиясының ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша директордың тәрбие ісі жөнідегі орынбасары Г.Сыздықованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларының арасында ««Қыздар гигиенасы мен физологиясының ерекшеліктер және Салауатты өмір сүру-өз сеніміңе берік болу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Саудакент ауылдық «Әжелер алқасының» мүшесі, мектебіміздің «Аналар мектебі» клуббының төрайымы, ардагер ұстаз Нуркенова Рая апай қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты-қыз балалардың тәрбиесі, қыздар гигиенасы мен физологиясының ерекшеліктері туралы түсінік беру, Қыз бала болашақ ана екенін ұғындыру.
Кездесу барысында ардагер ұстаз Рая апай қазіргі таңда қыз балалардың батысқа еліктеуі кең етек жайып бара жатқаны туралы әңгімелеп, «қыздарды қырық үйден тыю» мақалына түсінік беріп өтті.Ал мектеп медбикесі Жогубаева Гулсезім «Жалпы ағзадағы өзгерістер ,алғашқы етеккір жыныс ағзаларындағы өзгерістер» туралы әңгімелеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы, жыныстық жетілу кезінде қыз баланың толыққанды тамақтануына, жеткілікті ұйықтап, демалуына, көңіл-күйіне, жалпы психологиялық ахуалына жіті көңіл бөлген жөн. Әсіресе анасымен сырласу, ой бөлісу, оның кеңестерін тыңдау ол үшін маңызды деп өз сөзін қорытындылады.
«Қыз Жібек» қыздар клубының төраймы Г.Сыздықова Қыз бала болашақ ана-инабатты келін» тақырыбында баяндама оқып, түсіндіру жұмысын жүргізді. Баяндама барысында бала тәрбисіне тоқтала отырып, бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Мектептегі қыз балаларымыз көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, акушер-гинеколог дәрігерден кеңестер алды.