05
сентябрь
2023
«Тіл-тірегім» тақырыбында апталықтар, Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама «Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі» тақырыбында іс- шаралар өтілді.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған салтанатты жиын «Мектебім-мейірім мекенім» тақырыбында өткізіліп, бірыңғай тәрбие сағаттары өтілді. 5 қыркүйек- А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл-тірегім» тақырыбында апталықтар, Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама «Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі» Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл («Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында ) толуына орай 25 қыркүйек күні мектеп кітапханашысы Байтанова Фатиманың ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушыларға Қожа Ахмет яссауидің өмір тарихымен және шығармаларымен таныстырды. Қожа Ахмет Яссауи (1093-1166) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ахын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер екені таныстырылды. Бала Ахметтің ең алғашқы ұстазы , тәрбиешісі аталас туысы болып келетін бабалардың сұлтаны Арыстанбаб туралы мәліметтерде берілді. Қожа Ахмет Яссауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен ең көлемді шығармасының бірі-«Диуани хикмет» (Даналық кітабы) . Қожа Ахмет Яссауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің көп екенін дәлелдеген. Оның бірден бір себебі Яссауидің жолын ұстанған шәкірттері Түркістандық сопы Қожа Ахмет Яссауиді күллі әлемге танытқаны туралы мәліметтері бар.
Оқушылар Қожа Ахмет Яссауи туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бүкіл дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгені туралы айтты. Жазғы демалыс кезінде оқушылар саяхат жасау барысында алған мәліметтерін ортаға салды. Қәзіргі таңда Қожа Ахмет Яссауиге арнап салынған кесенеде отызға жуық мазар мен мешіт, арнайы кітапхана бар екені туралы тарихи мәліметтер айтты.