"Білім алу әрбір азаматтың құқығы ма, әлде ақылы қызмет пе? " тақырыбында кезекті дебат ойыны өткізілді. » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Білім алу әрбір азаматтың құқығы ма, әлде ақылы қызмет пе? " тақырыбында кезекті дебат ойыны өткізілді.
01
ноябрь
2023

"Білім алу әрбір азаматтың құқығы ма, әлде ақылы қызмет пе? " тақырыбында кезекті дебат ойыны өткізілді.

Ағымдағы   жылдың 1 қараша  күні  « Өркениет» тәрбие  орталығының   жұмыс жоспарына  сәйкес педагог  ұйымдастырушы   Ташкеев Аканның   ұйымдастыруымен  « Білім  алу   әрбір азаматтың  құқығы ма, әлде ақылы қызмет пе?» тақырыбында  АПФ форматында  дебат   ойыны өткізілді.  Ойынға  9-10 сынып білім алушыларынан  құрылған «Лашын» және «Сұңқар» фракциялары  қатысты. Ойын алдында жеребе бойынша   жақтаушы  және даттаушы   жақты  анықтау  жүргізілді. Дебатшыларға ойын  ережесі толық   түсіндіріліп, әділ – қазылар  алқасы   таныстырылды. «Әрбір адамның құқығы мен еркіндігі жүйесіндегі негіз қалаушы фактор – білім алу құқығы. Қазақстан Республикасында барлық дамыған мемлекеттегі сияқты аталған құқыққа, әлеуметтік немесе материалдық деңгейде, жынысы мен діни көзқарастарға, денсаулығына және т.б ерекшеліктеріне қарамастан, барша адамдар ие. Біздің мемлекетімізде білім алушының дамуындағы интеллектуалдық немесе физиологиялық бұзылыстар себебінен бұл құқықтан айырылмайды. Барлық баланың білім алу құқығы біздің мемлекетіміздің басты заңы Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген» дей келе  «Лашын» фракциясы  жақтаушы   жақтың  позициясын  қорғауға   белсене кірісті. Сөз кезегін алған « Сұңқар» фракциясы  «Шетелде баланың білім алуы үшін ақы төлейді. Басқа да білікті мектептерге емтихан тапсыртып, білімін кеңейтуге жол сілтейді. Жұмыс істеу үшін, күні-түні тынбай тірлік етеді. Қолында тың идеясы бар. Кез келген компанияға барып жобасын ұсынады. Жобасын ұтып, кәсібін өрістетеді. Олар бір орында тұрып қалған емес. Тек табыстың көзін көрсе, оны оңтайлы пайдалануға білек сыбана кіріседі» сынды   мысалдар  мен  дәлелдер келтіре  ақылы   білім   алудың кемшілігі мен артықшылығына   негізделген  контр кейіс құра  білді. Ойын   барысында   қойылған сұрақтарға  екі   фракцияда   тұшымды жауаптар  ұсына  білді.   Ойын тартысты  да  қызықты   болып  өтті.  Төрешілер алқасының  шешімімен  жақтаушы   позициясын  ұстанған фракция  жеңімпаз деп   танылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив