18
март
2022
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша наурыз –Аналар мерекесіне орай өткізілген «Аналар асыл жандар» тақырыбында іс- шаралар өткізілді.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша наурыз –Аналар мерекесіне орай өткізілген «Аналар асыл жандар» тақырыбындағы
іс-шаралар туралы
Анықтама
Мерзімі: 02.03-07.03.2022 жылыМақсаты: аналарға деген сүйіспеншілік сезімдерімен құрметтерін арттыру.Ізгілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша 02-07 наурыз «Аналар» мерекесіне орай «Аналар асыл жандар» тақырыбында іс-шара жоспары жасалып атқарылды. Жоспарға сәйкес сынып жетекші бірлестігінің жетекшісі Байбағысова Лаураның ұйымдастыруымен 02.03.2022 жылы 5-7 сынып оқушылары арасында «Анашым , дархан даласың» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар танымал тұлғалардың өлеңдері мен өздерінің арнауларын оқыды. Жеңімпаздар анықталып, І орынды 6 «А» сыныбы, ІІ орынды 5 «А» сыныбы, ІІІ орынды 5 «Ә» сыныбы иеленсе, «Шешен сөздің шебері» номинациясямен 7 «Ә» сынып, «Сөзі маржан» номинациясымен 6 «Ә» сыныптар марапатталды.8-9 сынып оқушылары арасында сынып жетекші Бердібаева Айгерімнің ұйымдастыруымен «Аңызға айналған арулар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты:Қазақ елінен шыққан батыр тұлғалы апаларымызбен қазақ еліне еңбегі сіңген аруларымыздың өмір жолымен таныстыру. 03.03.2022 жылы 1-4 сынып оқушылары арасында «Әлемді аялаған ана» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді. 05.03.2022жылы «Ана бақыты-бала бақыты» тақырыбында фото байқау өткізілді.07.03.2022жылы Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Аналар-асыл жандар!» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Кешке мектептің ардагер ұстаздары Г.Ермаханова мен Ескендирова Ақжарқын апайларымызды және мектеп ұстаздарына «Аяулы анашым» атты мерекелік кешке шақырды.Кеш барысында оқушылар қазақша және испан билерін 8-9 сынып оқушылары билесе, ұлдар флешмоб биін тарту етті.9 «А» сынып биші қыздары «Ұйғыр биімен» тарту етті. Мектебіміздің 9 сынып оқушылары Жарылқасын Әдемі , Әбілмұса, Аида «Мама , маматайым» атты әнін орындады.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Үніңменен жалғанады ұрпағым, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай «Адай» күйін Сембекқызы Ақбота нақышына келтіріп орындады. Одан әрі оқушылар себеттегі тәтті кәмпиттерді ,гүл шоқтарына тарту арқылы арнайы жазылған тілектерді ,арнай сұрақтарды тапсырмалар ретінде таратты. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылармен пікірлер алмасты.Ұстаздар сұраққа жауап беріп,тапсырма бойынша өлең шумақтарын орындап, кешт ің қызықты өтуіне атсалысты. Аналар мерекесіне арналған «Аналар –асыл жандар» тақырыбындағы кеш көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.