«Жазғы мектеп-2021»
«Жазғы мектеп-2021»
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі директорының 2021 жылғы 13 мамырдағы №27 «2020-2021 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» бұйрығы негізінде, мектепте 26 мамыр - 19 маусым аралығында барлық тілек білдірген білім алушылар үшін ата-аналарының өтініші бойынша оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде білімдегі жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында «Жазғы мектеп» жұмысын ұйымдастыру қолға алынды. Жазғы мектепке арналған жұмыс жоспары жасалған. Жоспарға сай жұмыстар атқарылуда. 2-4 сыныптардан -50 оқушы, 5-8, 10 сыныптардан - 60 оқушы оқиды. Негізгі пәндерден қосымша сабақ кестесі жасалды. Барлығы 20 педагог сабақ береді.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің жазғы мектепке арналған жұмыс жоспары
№ | Атқарылатын жұмыстың тақырыбы | Орындау түрі | Орындалу мерзімі | Жауапты |
1 | 2020-2021 оқу жылының І.ІІ,ІІІ оқу тоқсанындағы сыныптардың білім сапасына талдау жасау | талдау | 4.05.2021 | Сейтқазиев Ж. |
2 | Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау | талдау | 5.05.2021 | Сейтқазиев Ж. Толкимбекова А. |
3 | Пән бірлестіктерінің отырысын өткізу, хаттамаларын жинақтау | Отырыс | 6.05.2021 | Бірлестік жетекшілері |
4 | Ата- аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өтініштерін алу | өтініш | 10-11 мамыр | Сейтқазиев Ж. Толкимбекова А. |
5 | Мектептердің педагогикалық кеңес отырысының хаттамасын жинақтау | отырыс | 12.05.2021 | Толкимбекова А. |
6 | «Жазғы мектеп» жұмысының бұйрығын шығару | бұйрық | 13 мамыр | Сейтқазиев Ж. |
7 | Пәндер бойынша пысықтауға берілген тақырыптар негізінде күнтізбелік- тақырыптық және қысқа мерзімді жоспар жасау | КТЖ, ҚМЖ | 13-21 мамыр | Пән мұғалімдері |
8 | Cынып журналын әзірлеу | Журнал бастау | 24 мамыр | Сынып жетекшілері |