"Инновациялық педагогикалық тәжірибені облыс көлемінде тарату туралы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің 2025 жылғы 9 маусымдағы "Инновациялық педагогикалық тәжірибені облыс көлемінде тарату туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің педагогтары Нұртазаев Бекболат Ердешбаевич, Кушмамбетова Сандуғаш Абилахатовна, Естесова Райля Рахметуллаевна өздерінің іс-тәжірбиелерімен бөлісті.