"Сапта жүріп ән айту" байқауы өтті.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде Ұлы жеңістің 80 жылдық мерейтойына арналған "Сапта жүріп ән айту" байқауы өтті. Мақсаты – жастар арасында патриоттық рухты көтеру, әскери тәртіп пен ұйымшылдықты қалыптастыру, музыкалық өнер мен саптық машықты үйлестіре отырып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Бұл байқау әскери-патриоттық тәрбиенің бір түрі ретінде өткізіліп, жастардың топпен жұмыс істеу дағдысын, тәртіпке бағынуын және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді.